Рәміздер мерекесі жас өскінге патриоттық рух сыйлады

img_4252

Құттыбек АЙМАХАН

Өткен жексенбіде, яғни, 4 мау­сым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жыл­дығына орай шаһардың Бостандық ауданында қызықты шаралар ұйымдастырылды. Соның ең бас­тысы, сол күні таңертең ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдындағы алаңда патриоттық флеш-моб акциясы өтті.

Жалпы, қазір Мемлекеттік рәміздер, бұл – кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін және оның ажырағысыз атрибуттарының бірі болып саналады. Бұл ретте, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран біздің еліміздің ең киелі де қасиетті мемлекеттік рәміздері болып табылатыны белгілі. Соған орай, биылғы ел рәміздерінің 25 жылдығына байланысты жастар мен балаларды патриоттық және азаматтық сезімдерге тәрбиелеу, олардың бойында елдік нышандарымызға деген сүйіспеншілік және құрмет– мақтаныш сезімдерін  қалыптастыру үшін ҚР Тұңғыш Президент саябағы алдындағы алаңда патриоттық флеш-моб акциясы ұйымдастырылды.

Бостандық ауданы әкімінің аппараты мен қалалық №3 Балалар шығармашылығы үйі ұйымдастырған бұл акцияға Бостандық ауданы аумағындағы мектептердің «Жас Ұлан» балалар ұйымдарының мүшелері қатысты. Бұл шара флеш-моб өтетін алаңға акцияға қатысушылардың салтанатты түрде мерекелік жүріп келуімен басталды. Бұл ретте, әр оқушы баланың қолында мемлекеттік ту түріндегі көк және сары түсті шарлар мен мемлекеттік нышандар бейнеленген сувенир жалаушалар болды. Содан соң, №3 балалар үйінің шығарма­шы­лық ұжымы «Халықтар достығы» хореграфиялық композициясын, сонымен қатар, қазақ, орыс, ұйғыр, кәріс және өзге ұлттар билерін орындап, Қазақстанда тұратын халықтар достығы мен бірлігінің жарасымды белгісін көрсетті.

Әсіресе, салтанатты шеру барысында парадтық тәртіппен 22 ту ұстаушы топ ортаға шығып, олар Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын жанды түрде бейнелей көрсетті. Сондай-ақ, жалпы көлемі 5х10 метр болатын Мемлекеттік Тудың ортаға алынып шығуы да сырттай қарағандарға үлкен әсер сыйлады. Одан әрі шараға қатысушы барлығы 500-дей бала мемле­кеттік Әнұранды  тебіренте орындады.

Атап өтетіні, шараға Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы өкілдері, аудандық білім мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар патриоттық ұрандар айтып, өздерінің елге деген азаматтық сезімдерін білдірді. Сосын мереке соңында барлық қатысушылар мемлекеттік рәміздер бейнеленген шарларды аспанға ұшырып, жұртты Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығымен құттықтады.

Бұдан соң, ҚР мемлекеттік рәміздерін мерекелеу аясында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығымен аудан тұрғыны, ҚР Мемлекеттік Елтаң­басының авторы Шот-Аман Уәлиханды үйіне барып құттықтады. Құттықтау бары­сында С.Ағыбаев Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың атынан гүл мен азық-түлік себетін табыстады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *