QazAvtoJol-дың Жамбыл облысындағы орынбасары ұсталды

QazAvtoJol-дың Жамбыл облысындағы орынбасары ұсталды
Сурет: интернеттен

Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған деген күдікке ілінді.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды.

«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - деді агенттік.

Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директордың орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.

Бұған дейін БАҚ-та QazAvtoJol мекемесінің Жамбыл бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік алғашқы қар жауған кезде жолдарды тазалауға бөлінген қаражаттың ұрлану фактісін тексеріп жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

Алайда QazAvtoJol «қысқы жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталмағаны үшін жауапкершілікке тартылады» деген ақпаратты жоққа шығарды.