Докторантураға құжат қабылдау уақыты 5 тамызға дейін ұзарды

Докторантураға құжат қабылдау уақыты 5 тамызға дейін ұзарды
Сурет: Ашық дереккөзі

Ал оқуға түсу емтихандары 20 тамызға дейін өтеді

Ұлттық тестілеу орталығы докторантураға түсу емтиханына өтініш беру және құжат қабылдау мерзімін 5 тамызға дейін ұзартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Емтихан күні, уақыты және орны 9-10 тамызда үміткердің жеке кабинетінің «менің іс-әрекетім» бөлімінде жарияланады. Ал оқуға түсу емтихандары 20 тамызға дейін өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл докторантураға түсуге үміткерлер әңгімелесуден өтіп, эссе жазады, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.

Сонымен қатар докторантураға түсу үшін шет тілін және Қазтест жүйесі бойынша (Қазтест емтиханын 25 тамызға дейін тапсыруға болады) мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат болуы міндетті.