Президенттікке үміткерлер дебаты қашан өтеді?

Президенттікке үміткерлер дебаты қашан өтеді?
Сурет: smi24.kz

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Қазақстан президенттігіне үміткерлер дебаты 11 қарашада өтеді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазіргі уақытта «Хабар» телеарнасы 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген ҚР президенті сайлауында сайлауалды теледебаттар мен пікірталастарды өткізу регламентін әзірледі. Регламент жобасы Орталық сайлау комиссиясына келісу үшін ұсынылды. Жобада сайлау алдындағы: қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар, қатысушылардың сөйлеу тәртібі, іс-шара қай тілде өтетіні, эфир уақытының ұзақтығы жарыссөздер мен талқылауларды өткізу тәртібі қарастырылған», - деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

Пікірсайысқа Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Ерлан Қошанов (Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі болады), Салтанат Тұрсынбекова қатысады. Дебат 11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді.

«Дауыс беру нәтижесінде 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда сайлауалды теледебаттар мен пікірталастарды ұйымдастыру және өткізу туралы қаулы қабылданды», - деді Щегорцова.