Президенттікке өз кандидатурасын ұсынған әзірге ешкім жоқ – ОСК

Президенттікке өз кандидатурасын ұсынған әзірге ешкім жоқ – ОСК
Сурет: Kp.ru

Кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Елімізде 23 қыркүйектен бастап Қазақстан Президенттігіне кандидаттарды ұсыну басталды. Алайда әзірге бірде-бір өтініш түскен жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

«Бүгінге дейін ешкім өзінің кандидатурасын ұсынған жоқ, бірде-бір қоғамдық бірлестік әлі өзінің съезін немесе конференциясын өткізген жоқ», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Бұған дейін кандидаттарды ұсыну 11 қазанға дейін жалғасатынын хабарлаған едік. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі.

Сондай-ақ ОСК партиясыз қазақстандықтардың Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер бола алатынын түсіндірді.