Президент Жолдауында айтылған мәселелердің бәрі - халықтың жанайқайы

Президент Жолдауында айтылған мәселелердің бәрі - халықтың жанайқайы
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Мұндай пікірді Абай атындағы ҚАЗҰПУ тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің директоры Дидар Ділдәбек айтты. 

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында айтып жатқан мәселелердің барлығы - халықтың жанайқайы, халықтың мәселелері. Сол мәселелерді шешу жолында жасалып отырған дүние. Президенттік өкілеттілікке байланысты да, сонымен қатар, референдумда үлкен жаңалық болып келген парламенттік басқару жүйесіне байланысты да көптеген өзгерістердің барлығы алдағы уақытта болатын сайлауларда, өзгерістерде өзіндік бір халыққа түсінікті болады деп есептеймін. Алда жастарға күтетін көптеген жаңалықтар бар. Ол дүниелердің барлығын біз тек қана жақсы пікірде күтетін боламыз», - дейді ол.