Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Сурет: Egemen.kz

Бұл қызметке Нұржан Құдайбергенов келді.

Нұржан Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

"Алматы облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Нұржан Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды",- делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Нұржан Құдайбергенов 1963 жылы туған.

1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «сәулетші» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстан фосфор өндірістік ғылыми-зерттеу институтының инженері болып бастаған.

Әр жылдары «Алматы бас жоспары» Мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі, «Сәулет» шағын сәулет-өндірістік кәсіпорнының сәулетшісі, «Геосәулет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының инженер-сәулетшісі, Іле ауданы әкімі аппаратының бас маман – бас сәулетшісі, Іле ауданының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы, Текелі қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдерінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары болған.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап Райымбек ауданының әкімі қызметін атқара бастады.

Айта кетсек, 23 тамызда Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бірқатар басқарма басшысын тағайындады.