Президент: Көлік министрлігін қайта құрған жөн

Президент: Көлік министрлігін қайта құрған жөн
Сурет: Stan.kz

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет.

«Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады», -деді Мемлекет басшысы.