Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатты
Сурет: Inform.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясынан шығу жөнінде шешім қабылдады

Бұл туралы Мемлекет басшысы партия съезінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылу мәселесі қаралды.

Президент AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды.