Президент боранда халыққа көмек көрсеткен азаматтарды марапаттауды ұсынды

Президент боранда халыққа көмек көрсеткен азаматтарды марапаттауды ұсынды
Сурет видеодан алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев боранда халыққа көмек көрсеткен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсынды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.