Президент бірқатар заңға қол қойды

Президент бірқатар заңға қол қойды
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы» заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.