«Әлем аруында» еліміздің атынан қай сұлу бақ сынайды?

«Әлем аруында» еліміздің атынан қай сұлу бақ сынайды?
Сурет: Elorda.info

«Қазақстан аруы-2022» байқауының жеңімпазы Томирис Кәкімова «Әлем аруы» байқауында ел намысын қорғайтын болды.

Бұл туралы байқау ұйымдастырушылары әлеуметтік желідегі ресми парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына cілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта ару халықаралық сұлулық байқауына қатысуға дайындалып жатыр, онда ол басқа елдердің өкілдерімен әлемдегі ең әдемі ару атағы үшін бақ таласады. Томирис шешендік өнерін, талантын дамытуда, сахнада жүруді жаттықтырып, тілдерді үйренуде. Томириске сәттілік тілеп, ол үшін елімізбен бірге жанкүйер боламыз», – делінген жазбада.

Томирис Кәкімова Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ді Халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірген, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде құқықтану магистрі дәрежесін алған.