Ресейлік дәрігерлер Қазақстандағы клиникаларда жұмысқа орналаса алады – министр

Ресейлік дәрігерлер Қазақстандағы клиникаларда жұмысқа орналаса алады – министр Сурет: Samechas.com

Олар тиісті талаптар мен ережелерді толық сақтау керек. 


Ресейден Қазақстанға келген дәрігерлер еліміздегі клиникаларда жұмысқа орналаса алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазақстанда еңбек мигранты ретінде жұмыс істеуге қызығушылық танытқан ресейлік дәрігерлер ЕАЭО заңнамасы аясында біздегі ауруханаларға жұмысқа орналаса алады. Осы орайда олар тиісті талаптар мен ережелерді толық сақтау керек», - деді А. Ғиният Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейінгі баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, бірінші кезекте олардың дипломдары бізде мойындалуы тиіс. Екіншіден, ресейлік дәрігерлердің сертификаттаудан өтуі міндетті болады.


Бұдан бұрын хабарланғандай, ауылдағы кадрлық қамтамасыз етуге талдау жіргізіліп, 1 700-ден астам медицина қызметкерінің, оның ішінде 1000-нан астам дәрігердің тапшылығы анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37