Президент Архиві жас зерттеушілерді марапаттады

Президент Архиві жас зерттеушілерді марапаттады
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Биыл 1998 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қолданысқа енгеніне 25 жыл толып отыр.

Аталмыш заңның қабылдануы  еліміздегі архив саласының жұмысын жүйелендіріп, бір арнаға тоғыстырды, нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырды. ҚР Президентінің Архиві Заңның мәртебесін насихаттау мақсатында «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафонын ұйымдастырды.

Марафон аясында  ҚР Президенті Архиві Алматы қаласы білім басқармасының қолдауымен «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізді.

Байқау биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. 2022 жылы оқушылардан 80-ге жуық жұмыс ұсынылса, биыл байқауға қатысушылардың саны екі есеге өсіп, келіп түскен жұмыстардың саны 136-ға жетті. Зерттеу жұмыстарын арнайы комиссия бағалады.

Арнайы комиссия зерттеу жұмыстарының мазмұны, ғылыми тәсілдердің қолдануы, архив құжаттары, оның ішінде отбасылық фотосуреттерді пайдалану сынды талаптарды ескере отырып бағалау жүргізді.

Байқау қорытындысы бойынша, бірінші орынды №21 мектеп-гимназиясының оқушысы Жапарова Меруерт, екінші орынды №200 мектеп-гимназиясының оқушысы Баймахан Ақбота, үшінші орынды №43 орта мектептің оқушысы. Жүнісхан Әсел иеленді. Сондай-ақ 49 оқушы арнайы номинация жеңімпазы деп танылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.