Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты

Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты
Сурет: Akorda.kz

60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.

Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.

Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.