Премьер-министр созбалыққа салынған су тазарту құрылыстарын сынға алды

Премьер-министр созбалыққа салынған су тазарту құрылыстарын сынға алды
Сурет: Ulysmedia.kz

Әлихан Смайылов ауыз суға қатысты бірқатар мәселелерді атады. 

Ақмола облысы су тазарту құрылыстарын 10 жылдан бері аяқтай алмай келеді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Кей өңірлерде су тазарту құрылыстарын салу жұмыстары созылып кетті. Ақмола облысында бұл жұмыс 10 жылдан бері бітпей келеді. Іздестіру-барлау жұмыстары да уақытында басталған жоқ. Қарағанды облысында конкурстық рәсімдер енді ғана өткізіліп жатыр. «Сақалды» құрылысқа айналған ауыз су жобаларын аяқтау ісінде де шикілік көп», - деген Әлихан Смайылов бірнеше мысал келтірді.

«Мұның айқын мысалы ретінде Ұлытау облысындағы Есқұла су құбырын, Қызылорда облысындағы Талап су құбырын, Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов су құбыры мен Соколов су құбырының 2-ші кезеңін айтуға болады. Соның кесірінен 220 мыңға жуық адам сапалы суға қол жеткізе алмай отыр», - деді Үкімет басшысы.