«Премьер» қазандығының жылу қуаты 2 есеге артты

«Премьер» қазандығының жылу қуаты 2 есеге артты
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

 Алматының Наурызбай ауданындағы «Премьер» қазандығының жылу қуаты 2 есеге артты

Алматының Наурызбай ауданында белсенді тұрғын-үй құрылысына байланысты, атап айтқанда «Шұғыла» шағын ауданында қолданыстағы қазандықтың қуаты сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болды. Бұл мәселені шешу үшін 2023 жылдың желтоқсанында «Премьер» қазандығын жаңғырту аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

«Соның нәтижесінде қазандықтың жылу қуаты 2 есе, 100 Гкал/сағ ұлғайды», - деді қала басшысы.

Айта кетейік, 2023 жылы Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүргізілген жылумен жабдықтау саласындағы кезекті модернизациялау жұмысы 25 жылдан қолданылған құбыр желілерінің пайызын 59,2%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жылуаралық кезеңде жалпы ұзындығы 7,6 км жылу желілеріндегі 12 нысан қайта жаңартылды.

Жылу өндіру секторында барлық 84 қазандықта жөндеу-профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 7 жылу нысанының 13 қазандығы, 12 қазандықтың 24 түтін сорғышы, сонымен қатар, басқа да қосалқы жабдықтар ауыстырылды.