Головкин мен туралы айтқан жаман сөздері үшін жауап береді - Канело

Головкин мен туралы айтқан жаман сөздері үшін жауап береді - Канело
Cурет: Inform.kz

Головкин 9 сәуірде орта салмақтағы WBA чемпионы Риота Муратуды жеңуі тиіс

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жеке есеп айырысатынын мәлім етті. Сондықтан, ол осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекті күтіп жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

«Иә, ол менің жеке шаруам, себебі ол мен туралы көп жаман нәрсе айтты. Сондықтан әр сөзіне жауап береді», - деді Канело» Головкин туралы Сан-Диегодағы бокс кешінде DAZN-ға берген тікелей эфирдегі сұхбатында.

Айта кетейік, жұртшылық Головкинмен үшінші айқас туралы әңгімеге шуылдасып кетті.

Sports.kz-тің мәліметінше, жекпе-жек өтуі үшін «Канело» 7 мамырда жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволды, Головкин 9 сәуірде орта салмақтағы WBA чемпионы Риота Муратуды жеңуі тиіс.

«Мен не себепті қазір өтейін деп жатқанын білмеймін, - деді Альварес үшінші айқас туралы. – Менің ойымша, бәрі жеткілікті болған сияқты. Бірақ, біз келісім жасадық, бұл - мен үшін ең тиімді келісім. Бізде үшінші айқас өткізуге мүмкіндік бар. Мен Биволмен айқасқа бар күшімді салып дайындалып жатырмын, қалғанын кейін көрерміз».