Пойызбен жолға шыққан 200-ден астам жолаушы қар құрсауында қалды

Пойызбен жолға шыққан 200-ден астам жолаушы қар құрсауында қалды
Сурет: Egemen.kz

Ауа райы қолайсыздығынан Көкшетау-Астана тасжолы жабылып қалған.

Салдарынан жолда 200-ден астам адам қалып қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қар құрсауында қалғандар Ақкөл стансасынан эвакуацияланып, № 6830 пойызымен елордаға жеткізілді. 

Пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті жәрдемді жасады.

«Жаңа жыл қарсаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан пойыз бригадасы қызметкерлері жолаушы пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, тасымал кезінде барлық жағдайды жасады», деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.