«Qazaqstan дауысы» жобасының жеңімпазы анықталды

«Qazaqstan дауысы» жобасының жеңімпазы анықталды
Cурет: Qazaqstan.tv

Жеңімпаз 5 млн теңгеге ие болды

Сәкен Майғазиевтің шәкірті Құралай Мейрамбек «Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы атанып, 5 млн теңге иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

qazaqstan.tv-ның мәліметінше, үздіктердің үздігі іріктелген жобаның соңғы шығарылымында финалистер тікелей эфирде 2 ән шырқады.
Әр үміткер бір әнді жеке, бірін тәлімгерлерімен бірге орындап шықты, яғни ақтық сында тәлімгерлер де бір-бірімен бәсекеге түсті. Ал жобаның жеңімпазы көрерменнің дауысы арқылы анықталды.

SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша:
1-орын – Құралай Мейрамбек
2-орын – Ерік Төленов
3-орын – Ернар Амандық
4-орын – Аружан Айдарбек иеленді.

Сәкен Майғазиевтің шәкірті «Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы атанып, 5 млн теңге иеленді. Сонымен бірге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Құралайдың өнеріне әрі қарай қолдау білдіреді. Осылайша жарты жылға жуық көрерменін қуантқан бағдарлама өз мәресіне жетті.

«Qazaqstan дауысы» – әлемнің 140 елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Музыкалық бағдарлама көрерменге жарты жыл бойы ұсынылып, рейтинг бойынша көш бастап келді. Жобаға ұзын-саны 6 мыңнан аса адам қатысты. Оның ішінде өзге мемлекеттен арнайы келген таланттар да болды.

Жалпы, «Көрмей таңдау» кезеңіне 100 шақты үміткер өтті. Одан соң қатысушылар «Жекпе-жек», «Жарға жығу», тікелей эфирдегі кезеңдерінде бақ сынап, финалға 4 тәлімгердің 4 үздік шәкірті жолдама алды.