Польшадан Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты

Польшадан Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты
Сурет: Zakon.kz

Украинадан эвакуацияланған жолаушылар Алматыға жеткізіледі.

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Ұшақ Алматы қаласына ұшып келеді деп күтіліп отыр. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан Үкіметінің атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.