Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады

Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады
Cурет: Inform.kz

Жаңа рейтингіге сәйкес, баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынға жайғасты

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) баскетболдан әлем чемпионатының Азия аймағы іріктеу турнирінің жаңартылған қуаттылық рейтингін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа рейтингіге сәйкес, баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынға жайғасты. Ал Иордания мен Австралия алдыңғы үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Азия аймағындағы іріктеу турнирінің алғашқы екі кезеңінде 4 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 8 ұпаймен D тобында көш бастады.

Қуаттылық рейтингісі команданың іріктеу турниріндегі нәтижелеріне сәйкес түзіледі.

Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Иран және Бахрейн құрамаларымен күш сынасады.