Алматы облысында 400 гектарға алма ағашы егіледі

Алматы облысында 400 гектарға алма ағашы егіледі
Сурет: Gazeta.ru

Бұл жоба ішкі нарықты алмамен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынбақ.

Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Көкөністерді жыл бойы өндіруге көшу үшін 407 гектарға өнеркәсіптік жылыжай іске қосылады. Осылайша облыста жылыжай көкөністерін өндіру көлемі 35 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Ішкі нарықты алмамен қамтамасыз ету мақсатында облыста 400 гектарға жаңа жеміс бағы егіледі. Қайта өңдеу кәсіпорындарының қуатын барынша жүктеу үшін 15 бордақылау алаңын және 3 тауарлы сүт фермасын құруды жоспарлап отырмыз. Қабылданған шаралар нәтижесінде биыл 1,4 млн тонна астық, 1 млн тоннадан астам көкөніс және 742 мың тнна картоп жинау жоспарлануда. Сондай-ақ, ет өндірісі 3,9 пайызға, сүт 2,5 пайызға және жұмыртқа өндірісі 4,9 пайызға ұлғаяды», - деді Қанат Бозымбаев.