Полиция жол ережесін қатаң сақтауға шақырады

Полиция жол ережесін қатаң сақтауға шақырады
almaty-akshamy.kz

Алматыда қолайсыз күн райынан бір түнде 33 жол апаты болды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Бұл үндеу негізінен көлік басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол ережесін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Қалалық полициядан мәлім еткендей, 11 желтоқсан сағат 20:00–ден 12 желтоқсан таңғы сағат 06:00 аралығында Алматы жолдарында 33 жол апаты тіркелді, төртеуінде жарақат алғандар бар.

«Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына және қар жаууына, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелерін көлік дөңгелектерін қысқысына ауыстыруды шақырамыз», — деді С. Шумаев.