Полицейлер 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адамды ұстады

Полицейлер 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адамды ұстады
Сурет: Ашық дереккөз

Өскемен қаласында 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, зират тонаумен айналысқан 25 жастағы жігіт ұсталды.Тексеру барысында ер адамның көлігінен темір қоршаулардың сынықтары табылды.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Ушановский зиратына жақын жерде «Хонда» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көліктен үш металл қоршау анықталып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары қолға алынды», - делінген ақпаратта.

Алдын ала мәлімет бойынша, қала тұрғынының зираттағы тағы сегіз ұрлыққа қатысы бар.