Парвиз Назаров сотталған жандармен бірге ән салды

Парвиз Назаров сотталған жандармен бірге ән салды
almaty-akshamy.kz

25 қазан — Республика күнін Алматыдағы Тергеу изоляторының шаруашылық жасағындағы сотталғандар да көтеріңкі көңілмен қарсы алды. 

Тергеу изоляторында жазасын өтеп жүргендер ұйымдастырған кештің қонағы – 90-шы жылдардың хитмені атанған әнші Парвиз Назаров болды. Ол өзінің репертуарынан «Крестная мать», «Еду на юг», «Атамекен» сияқты әндерін орындап, сотталғандардың көңілін көтерді. Сондай-ақ ол шаруашылық жасағындағы сотталған музыкант Бауыржанмен де бірге бірнеше ән орындады. 

Мерекені №72 мекеме бастығы әділет подполковнигі А.Аманжолов құттықтау сөзбен ашып, еліміздің ең басты мерекесінің маңызына тоқталды. 
Сотталған жандар даярлаған мерекелік жиында орындалған шалқыған әнмен бірге, өздерінің жүректерінен шыққан өлең де оқылды. 
Мерекелің кеш соңында Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №72 мекеменің бастығы Азамат Жалғасбайұлы Аманжолов өнерпаз сотталғандар мен әнші П.Назаровқа алғыс білдірді.