Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Сурет: интернеттен

Отырыс 1 қыркүйекте елорда уақытымен 11.00-ге белгіленді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.

Бұл күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды деп айтылды.