Парижде жарылыс болды

Парижде жарылыс болды
smotrim.ru

Париж қаласының орталығында болған жарылыс салдарынан кем дегенде 37 адам зардап шекті. Тағы төрт адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Euronews

Агенттіктің хабарлауынша, үйінділер астында тағы екі адам қалуы мүмкін.

Оқиға Франция астанасының бесінші ауданында, Люксембург саябағы мен Пантеонға жақын жерде орналасқан Париждегі Америка академиясының ғимаратында болды.

Алдын ала болжам бойынша, ғимарат ішінде газ жарылып, қасбеті жолға құлады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.

Оқиға орнына екі жүзден астам өрт сөндіруші, құтқару қызметтері, сондай-ақ Париж мэрі Анн Идальго келді.

Прокуратура жарылыс себебінің екі нұсқасын тергеу үстінде – «қауіпсіздік ережелерін бұзу» және «адамдардың салақтығы». Бұл туралы брифингте Париж прокуроры Лор Бекюо мәлімдеді.