Парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын жүлде жеңіп алды

Парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын жүлде жеңіп алды
Сурет: Egemen.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінде парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын жүлде жеңіп алды.

80 елдің 600-ден астам параспортшысы Дубай қаласында бас қосып, жүлделі орындарды сарапқа салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, ұлттық құрама сапындағы Ақмола облысының спортшысы Давид Дегтярев 54 келі салмақта параспортшылар арасында алтыннан алқа тақты.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесниковтың айтуынша, Д. Дегтярев салмағы 180 келі штанганы көтеріп, осымен екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр.