Ойнайық та,ойлайық...

Ойнайық та,ойлайық...
almaty-akshamy.kz

Ағымдағы жылдың 20 наурызында  Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығы ҚМДРО әдіскерлерінің  бекітілген кестесіне сәйкес Түрксіб ауданы «119 бөбекжай-балабақша» КМҚК  жобалық қызметінің практикалық кезеңіне мониторинг жүргізілді. 

«Reboot: International» ірі жобасы аясында «Ойнайық та,ойлайық» жобасы жүзеге асырылуда» (Ұлыбритания). Балабақшаның  педагогикалық ұжымы мен ата-аналары мамандық иелерімен танысып, қауіпсіздік ережелері,төтенше жағдайдағы іс- әрекет қимылдарын жүзеге асыруда.

Жалпы, бұл жоба қол жетімділік және практикалық қағидаттар бойынша ыңғайлы дамытушы пәндік кеңістікті құра отырып,әртүрлі мамандық туралы сюжетті ойын арқылы балаларды қызықтыру. Балабақша меңгерушісі Сатканова Гульбану  қараша айында Англияда тәжірибеден өтіп келіп, өз тәжірибесімен балабақшада бөлісуде. Атап айтқанда, ағылшын тәжірибесінен  балабақша мамандары командалық жұмыс принципін алуда. Англияда барлық іс-шаралар командалық ойындар арқылы өтеді. Осылайша балалар мен ата-аналар ұжым болып жұмыс істейді, бір-бірін жақынырақ таниды және қарым-қатынас дағдыларын дамытады.