Өткен жылы Алматыдан 450 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды

Өткен жылы Алматыдан 450 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды
Almaty-akshamy.kz

2022 жылы Алматыдан 450 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылған

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинау мен шығаруды ұйымдастыру туралы Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Нұржан Бөлекбаевтың келтірген деректері бойынша 25 қоқыс шығаратын ұйым қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 100% қамтамасыз етеді, олар мегаполис аумағында 94 учаскеге қызмет көрсетеді. 

«2022 жылы коммуналдық қызметтер, қоқыс шығаратын ұйымдар Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының деректері бойынша қоқыс сұрыптау кешендеріне және Алматы облысының 6 полигонына – 451,821 мың тонна коммуналдық қалдықтарды жинап, әкетті. 2021 жылдың осындай кезеңінде 443 мың тонна шығарылған болатын» - деді спикер.

Құрылыс қоқыстарын шығару үшін құрылыс компаниялары Қарасай ауданында орналасқан Ақсай карьерімен тікелей шарт жасасады. Құрылыс қалдықтарын қабылдау карьері Талғар ауданында да орналасқан.

Спикердің мәліметінше, Алматыда қайта өңделетін шикізатты: макулатураны, пластмассаны, шыны сынықтарын, медициналық қалдықтарды және басқа да қалдықтарды жинаумен, әкетумен және қайта өңдеумен жеке кәсіпкерлік субъектілері айналысады. 2022 жылы қоқыс сұрыптау кешендеріне 376 737 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар қабылданды, 2022 жылы сұрыпталған қайта өңделген шикізат көлемі 333 951 тонна, кәдеге жарату пайызы 11,35% құрады. 

«Green Recycle» ЖШС жеке серіктесі қайта өңделетін шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы 13-ші ұйыммен ынтымақтастық туралы шарттар жасасты: Пластик – «Recycle Ecology» ЖШС, «Kaz vtor Plast» ЖШС; Промазана – «Омар Пласт» ЖШС, «Нұркен» ЖК, «Дамир компани» ЖШС, «Радуга» ЖШС, «Kaz West Green Energy» ЖШС; металл – «Алатау 21» ЖШС, «JoLAY» ЖШС, «Global Trans Service Group» ЖШС; макулатура – «Kazakhstan West Recycling» ЖШС, «Карина трейд» ЖШС, «Маолин» ЖК; шыны - «EcoCity» ЖШС, «Мамбетов» ЖК.

«Kazakhstan West Recycling» ЖШС-мен бірлесіп қала аумағында қайта өңделетін шикізатты қабылдау бойынша 31 пункт орнатылды. Павильондар автономды, «Kazakhstan West Recycling» ЖШС және «Оператор РОП» ЖШС қаражаты есебінен дайындалды (10 000 тоннаға жуық қайта өңделетін шикізат жиналды).

Сондай-ақ, Алматы қаласының аумағында 2018 жылдан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау көлемі жылына 28800 тоннаға дейін «Куйкабаев М.Д» ЖК қоқыс сұрыптау станциясы жұмыс істейді.