Өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Үш науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте елімізде 35 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 837 адам коронавирус инфекциясынан (–1 699+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.