«Бала құқықтары туралы» заңға буллинг түсінігі енгізіледі

«Бала құқықтары туралы» заңға буллинг түсінігі енгізіледі
Сурет: Aussiedlerbote.de

Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңға «буллинг», яғни, баланы жәбірлеу түсінігі енгізіледі.

Сенат депутаттары қолданыстағы заңнамаға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бұл шара кәмелетке толмағандар ортасында зорлық-зомбылықтың, кемсітудің, қысым көрсетудің алдын алуға көмектеседі. Заң тәртібі кибербуллинг деректеріне де қатысты қолданылады. Мемлекет балаға қатыгездікпен қарау және физикалық не психикалық күш көрсетуден қорғайды", - деп атап өтті Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен. Заң жобасы жекелеген нақтылаулар енгізу үшін Мәжіліске қайта жіберілді.

«Бүгін Сенат депутаттары жұртшылық алаңдату тудырып отырған, жалпы атаумен айтқанда, кибербуллинг туралы заң жобасын қарады. Депутаттар заң жобасындағы кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою туралы нормаға нақтылау енгізді. Бұл контент тек қана балаларға байланысты болу керек. Мұндай жағдайда ата-аналар немесе заңды өкілдер өкілетті органға өзінің өтінішімен баруы керек болады. Сонымен қатар бұл ақпарат кибербуллинг пе, басқа ма, оны өкілеттік орган өзі шешпейді. Оны тиісті мамандардан құралған сапартамалық топқа шешу ұсынылып отыр», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен.