Отбасы тыныштығын бұзғандар қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін

Отбасы тыныштығын бұзғандар қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін
Сурет: Saryarka-samaly.kz

Тараптардың татуласуына талапты күшейту қажет.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту бойынша бірқатар шара туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Тараптардың татуласуына талапты күшейту қажет. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарға бірінші рет сотта ғана татуласа алады, ал қайталанса, мұндай құқық алынып тасталады. Одан кейін жазаны қатаңдату керек. Қайталанған құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік қамауға алудың мерзімін ұзарту керек. «Ескертуді» «қоғамдық жұмыстарға» ауыстыру ұсынылады», – деді М.Ахметжанов.