ОСК Тоқаев тағайындаған Сенат депутаттарын тіркеді

ОСК Тоқаев тағайындаған Сенат депутаттарын тіркеді
Сурет: Azattyq.org

Кеше Президент Жарлығымен 13 сенатордың өкілеті тоқтатылған болатын.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталады. Еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болдыңыздар», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сенат депутаттарының куәліктері мен төсбелгілері табысталды:

Жақып Асанов (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы);

Мәулен Әшімбаев (қайта тағайындалды);

Нұртөре Жүсіп (қайта тағайындалды);

Ләззат Қалтаева (қайта тағайындалды);

Асқар Шәкіров (қайта тағайындалды);

Евгений Больгерт (ҚХА-дан);

Зәкіржан Кузиев (ҚХА-дан);

Нурия Ниязова (ҚХА-дан);

Әлішер Сатвалдиев (ҚХА-дан);

Геннадий Шиповских (ҚХА-дан).

2022 жылғы республикалық референдумда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Енді Президент 15 емес, он депутатты тағайындайды, оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша.