Өрт алаңы айтарлықтай азайды- Нұрлан Ұранхаев

Өрт алаңы айтарлықтай азайды- Нұрлан Ұранхаев
Сурет: Inform.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өрт алаңы айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті.

Өртті сөндіру бойынша жұмыс тәулік бойы негізінен екі бағытта – Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Табиғи өртті сөндіруге атсалысқан барлық күштердің арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.

Мәселен, Каштак ауылының ауданында жеке құрамнан 200 адам, 30 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка-Шүлбі ауданында 300 адам, 40 бірлік техника және 9 тікұшақ бар.

«Соңғы күндері өрттің көлемі айтарлықтай азайғанын, өртті сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда екенін айту керек», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.