Алматыда «Қытайдың әлемдік мұра нысандары» атты фотокөрме өтеді

Алматыда «Қытайдың әлемдік  мұра  нысандары» атты фотокөрме өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Қытайдың мәдени мұрасы өзінің ауқымымен таң қалдырады

29 қыркүйек күні Мемлекеттік орталық музейде «Қытайдың әлемдік  мұра  нысандары» халықаралық фотокөрмесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 17 жыл бойы Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ынтымақтастықты жалғастырып, мәдени байланыс аясында Қытай тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша бірлескен жобаларды іске асырып келеді.  

Ынтымақтастықты жалғастыра отырып, ҚР Мемлекеттік орталық музейі Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған 2022 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 16.00-де көрермендер назарына «Қытайдың әлемдік  мұра  нысандары» халықаралық фотокөрмесін ұсынады.

Қытай-көптеген тарихи ескерткіштер сақталған ежелгі өркениет пен ерекше мәдениеттің елі. Қытайдың мәдени мұрасы өзінің ауқымымен таң қалдырады.

Фотоэкспозицияның мақсаты - келушілерді Қытайдың бай тарихи-мәдени және табиғи мұрасымен таныстыру.

«Қытайдың әлемдік  мұра  нысандары» көрмесінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген және әлемнің қазынасы болып табылатын Қытайдың тарихи және мәдени ескерткіштерінің фотосуреттері қойылған. Келушілердің назарына «Ұлы Қытай қабырғасы», «Император Цинь Шихуандидің қабірі және терракоталық мүсіндер», «Уданшан тауларындағы ежелгі ғимараттар кешені», ежелгі Лицзян қаласы, Цюйфудағы Конфуций ғибадатханасы, «Могао үңгірлері», «Лушан ұлттық паркі», «Сучжоу қаласындағы классикалық бақтар», «Дацзудың жартастағы рельефтері» және т. б. 

Көрмеге ежелгі өркениеттің інжу-маржандарының 59 астам фотосуреті қойылған. Шығармалардың авторлары - танымал Қытай фотографтары-Чжоу Цзяниен, Сун Чжицзюнь, Тань Мин және т. б.
Көрменің ресми ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй   сөз сөйлейді.