Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы қаза тапты

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы қаза тапты
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүрген қазақстандық мерт болды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ақпаратты Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Қайғылы оқиға 8 сәуірде Чонджу қаласында болған. Шыны өндіру зауытында 30 жастағы қазақстандықты тоқ соққан. Ол ауруханада көз жұмды. Жергілікті полиция тергеуді бастады.

"Қазақстан азаматы зауытта көз жұмды. Қазір біз марқұмның туыстарымен байланысып, керек құжаттарды рәсімдеп жатырмыз", - деді Айбек Смадияров.