Омикрон штамы мәңгі сақталып қалуы мүмкін

Омикрон штамы мәңгі сақталып қалуы мүмкін
Cурет: depositphotos.com

СOVID-19-дың бұл штамы маусымдық вирустың қатарына қосылады

«Омикрон» штамы адамзат популяциясында мәңгілікке сақталып қалуы мүмкін. Ғалымдар осындай болжам жасады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Ресейдегі Г. Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері коронавирустың жаңа штамы енді жер бетінен жоғалмайды деп отыр. 

Олап СOVID-19-дың бұл штамы маусымдық вирустың қатарына қосылады деп отыр. Мутация салдарынан вирус жоғарғы тыныс жолдарында сақталып, сол арқылы ішке енді. Сонымен қатар адамның сілемейді қабықшасы мен жұтқыншағының суық және ылғалды ауа райындағы сезімталдығын есепке алған жөн. 

«Алайда бұл коронавирусқа жаңа басымдық беретін жаңа мутациялардың пайда болуына кедергі емес. Әр мутацияға ұшыраған сайын вирус алдыңғы штамдарға қалыптасқан иммундық кедергілерді жойып отырады», - деді дәрігерлер. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ЖРВИ-дің әр екінші жағдайы «Омикрон» штамы болуы мүмкіндігі туралы жазған болатынбыз.