COVID-19 иммунитеті ана сүтімен берілуі мүмкін

COVID-19 иммунитеті ана сүтімен берілуі мүмкін
Сурет: Gazeta.ru

Бұл - Ресейдің Денсаулық сақтау министрінің сөзі.

«Вакцина алған ана баласын қорғайды. COVID-19 иммунитеті ана сүтімен берілуі мүмкін», - деп мәлімдеді Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Вакциналанған әйелдер «омикрон» штамына қарсы да иммундық қорғанысты бере алады.

«Жаңа "омикрон" штамы туғаннан төрт жасқа дейінгі балалар үшін қауіптірек. Тек сәбилер ананың емшек сүтінен иммунитет алады, сондықтан ана вакцина алу арқылы жаңа туған нәрестені қорғай алады», - деді Мурашко.

Ғалымдар мен дәрігерлер бұған дейін хабарлағанындай, балалар «омикрон» штамын жұқтыруға көбірек бейім және ересектерге қарағанда ауыр өткереді. Бұл иммунитеттің төмен болуына байланысты.