Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды
Сурет: ашық дерекөз

1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері аралығында қосымша бір апталық демалыс беріледі

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қысқы каникул 29 желтоқсанда басталатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады», – делінген хабарламада.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері аралығында қосымша бір апталық демалыс беріледі. Оқу жылы биыл 25 мамырда аяқталады