Нұр-Сұлтан мен Атбасар арасында жол жабылды

Нұр-Сұлтан мен Атбасар арасында жол жабылды
Cурет: Inform.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан мен Атбасар арасында жол жабылды, Almaty-akshamy.kz.

Қалалық 109 IKomek жедел қызметінің хабарлауынша, бүгін 21 наурыз, сағат 11.00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1247-1003 шақырым аралығында көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынған. Оған ауа райының аяқ астынан бұзылуы, боран, жолдың көрінбеуі себеп болды. Бұл жол учаскесі Нұр-Сұлтан қаласынан Атбасар қаласына дейінгі аралықты қамтиды.