Нидерландыда болған «Юнис» дауылынан үш адам қаза тапты

Нидерландыда болған «Юнис» дауылынан үш адам қаза тапты
Cурет: Кадрдан алынды

Полиция азаматтарды үйлерінен шықпауға шақырды

Нидерландыда алпауыт дауыл соқты. Табиғи апат Амстердамда орын алған деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Euronews.com-ға сілтеме жасап.

Дауылдан зардап шеккендер тарапынан елдің құтқару қызметіне көптеген хабарламалар келіп түсуде. Полиция азаматтарды үйлерінен шықпауға шақырды. 

Дауылды күткен голландиялық теміржолшылар тәулік бұрын барлық бағыттағы пойыздардың қозғалысын тоқтата тұру шешім қабылдаған. 

Төнген қауіп пен құтқару қызметінің ескертуіне қарамастан, адамдар апаттан ләззат алу үшін теңіз жағалауында серуендеулерін жалғастыруда. 

«Юнис» дауылы қауіпті деп саналады. Ол Бельгия тарихында соңғы отыз жыл ішінде ең күшті дауыл ретінде тіркелген. Ал Фландрияда дауыл соққанда ағаштар құлап, бірнеше адам ауыр дене жарақатын алған. 

Елдің өзге бөлігінде шұғыл көмек көрсету қызметіне мыңдаған апаттан зардап шегушілерден көмек қолын ұсыну туралы хабарлама келіп түскен.