Жамбылдық полицейлер шеру кезінде тұтанатын қоспасы бар бөтелкелерді таратқан ер адамды ұстады

Жамбылдық полицейлер шеру кезінде  тұтанатын қоспасы  бар бөтелкелерді таратқан ер адамды ұстады
nzl.theukrainians.org

Полиция Алматы облысының 44 жастағы тұрғынын ұстады

Жамбылдық полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында тұтанатын қоспасы бар бөтелкелерді таратып жатқан азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қаңтар айының 5-інен 6-сына қараған түні сағат 20:00 шамасында Тараз қаласының Қазыбек би көшесінде сұр түсті «Митсубиси Диамонд» автокөлігі келіп тоқтайды. Көліктегілер оның мемлекеттік тіркеу нөмірін шешіп алып, жүксалғышқа салады. Көлік жүргізушісі бес литрлік тұтанғыш қоспаны алып, ұлымен бірге оны шыны бөтелкелерге құйып, шеруге қатысушыларға таратты», - деді полициядағылар.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 4-бөлігі (Терроризм актісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Алматы облысының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.