Неліктен көшеттер күн суығанда отырғызылады?

Неліктен көшеттер күн суығанда отырғызылады?
almaty-akshamy.kz

Күзгі кезеңде ағаш отырғызуға қатысты ТОП-5 сұрақ

Неліктен былтыр көшеттер топырағымен жатты? Бұған бюджет қаржысы жұмсалды ғой, оларды бірден отырғызуға мүмкіндік болмады ма?

Технологияға сәйкес, көшеттерді отырғызуға арналған шұңқырлар отырғызуға дейін 5-10 күн бұрын желдетілуі керек. Мердігерлерге қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда айыппұлдар мен орнына ағаш егуді міндеттеу түрінде шаралар қабылданады.

Неліктен көшеттер суық мезгілде отырғызылады?

Көшеттерді тәлімбақтан қалалық ортаға көшіру жасыл желектердің шырын қозғалысы тоқтаған соң жүргізілуге тиіс. Бұл биологиялық кезең суық мезгілге тура келеді.

Неліктен көгалдандырушылар жыл сайын сол бір ағаш түрлерін таңдайды?

Бас ботаникалық бақ пен аграрлық ғылыми университет мамандарының ұсынысы бойынша көшелер бойына негізінен емен, үйеңкі, шегіршін, шаған, терек, ал саябақтар мен алаңдарда - сәнағаш, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) ағаштары отырғызылады. Ағаштың бұл түрлері тығыз және және саялы ағашқа айналып, ластанған ауа ағынын жақсы ұстайды. 

Неліктен қалада ағаштар қурап жатыр? Әкімдік мәселені қалай шешпек?

Биыл жасыл қорды жақсылап суару үшін су жинағыш құрылысын салу және реконструкциялау басталды. Қазір нысандардағы жұмыс 80%-ға аяқталды, Халық Арена, Қалқаман скверінде, Желтоқсан саябағында, ШААЖ, Тимирязев және Усиков көшелерінде су беру қамтамасыз етілді. Әрі қалада арық желісі кеңейіп, жасыл желектерді автоматты суару және тамшылатып суару жүйесі енгізіліп жатыр.

Қала тұрғындары тли мен шыбын-шіркейдің көбеюіне шағымданды. Алматыда зиянкестермен күресу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

Экология және қоршаған орта басқармасы ағаштардың тұрақты жағдайын жақсарту, сақтау және олардың әртүрлі зиянды организмдерге төзімділігін арттыру үшін биыл шілдеде жасыл желектерді биологиялық өңдеудің үшінші кезеңін өткізді. Жапырақ жейтін, соратын зиянкестер мен зең аурулары қоздырғыштарына қарсы 2,3 миллионнан астам ағаш өңделеді деп жоспарланған. 

Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшелігін ескеріп, өңдеу түнде және таңертең жүргізіледі. Монофаг зиянкестеріне мейлінше әсер ету үшін биыл бірінші кезеңде (вегетациялық кезеңнің басында) емен төрт рет және терек екі рет өңделген. Айта кетейік, бұрын өсімдіктерді биологиялық қорғау вегетациялық кезеңнің басында тек бір рет жүргізілді, бірақ мұндай өңдеу жиілігі монофаг зиянкестері үшін жеткіліксіз екенін көрсетті. 

Биыл барлығы 4 кезеңдік биологиялық өңдеу жүргізу жоспарланған, қазір 3 кезеңі бітті. Соңғы биологиялық өңдеу 20 тамызда басталды, енді 20 қыркүйекте аяқталады.