Наурыз мерекесiн қалай тойлаймыз?

19-наурыз және 23-наурыз аралығында Алматы қаласының барлық аудандарында «Наурыз мейрамы – 2011» мерекесi салтанатты түрде кең ауқымда аталып өтедi. Басты мерекелiк шара Астана алаңында тойланады.

21–23-наурыз аралығында Ұлыстың Ұлы күнiне байланысты қаладағы iрi сауда кешендерiнде «Наурыз» фестивалi аясында азық-түлiк бағалары төмен түсiрiледi. «Рамстор», «Силк уэй Сити», «Мега-Центр Алматы», «Променад», «Прайм Плаза», «Манго», «Домиллион», «Магнум» және «СМ Маркет», «Столичный», «Юбилейный» сауда желiлерiнде күнделiктi тұтынатын тауарлар арзан бағамен ұсынылады.

19-наурыз

Сағат 10:00-де Астана алаңында Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облысының ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерi «Наурыз жәрмеңке» ұйымдастырып, қала жұртшылығына көкөнiс тауарларын қолжетiмдi бағамен саудалайды.

Сағат 10:00-де «Жасыл қала» акциясы шеңберiнде шаһар аумағында қала Әкiмiнiң қатысуымен жас көшеттердi отырғызу шарасы басталады. Қазақстан Республикасы Бiрiншi Президентi атындағы саябақта басталған жасылдандыру-абаттандыру жұмыстары барлық аудандарда жалғасын табады. «Жасыл қала» акциясы көктем маусымының соңына дейiн жүредi. Ұлыстың Ұлы күнi қала аумағында барлығы – 2740 жас өскiн көшеттерi орналастырылады.

20-наурыз

Таңертеңгi сағат 9:00-де «Наурыз» мейрамына және елiмiз Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орай дәстүрлi велошеру өтедi. Әл-Фараби даңғылы мен Тәттiмбет көшесi қиылысынан басталған велокеруен Қазақстан Республикасы Бiрiншi Президентi атындағы саябақта көмбеге жетедi.

Дәстүрлi велошеруге қатысам деушiлерге шектеу қойылмайды.

Кешкi сағат 19:00-де «Көктөбе» саябағында 2 мерекелiк сәулешырақтың тұтату рәсiмi өтедi.

Ұлыстың ұлы күнi мерекесi Алатау ауданында

20-наурызда Алатау ауданы әкiмдiгi ғимаратының алдында («Шаңырақ -2» ықшамауданы, Жанғожа батыр, 26) қала Әкiмi Ахметжан Есiмовтiң қатысуымен «Наурыз» мейрамын аудан тұрғындары салтанатты түрде атап өтедi.

Сағат 9:00-де №26 және №169 мектептер аралығында аудан әкiмдiгiнiң қызметкерлерi, аудандағы кәсiпорын жетекшiлерi және қарапайым тұрғындар ұзақ қашықтыққа жүгiредi.

Сағат 10:00-де Қазақстан эстрадасының жұлдыздары және аудандағы этномәдени орталықтар өкiлдерiнiң атсалысуымен мерекелiк концерт басталады. Сондай-ақ бұл күнi ұлттық спорттың түрлерiнен бәсекелер өтедi, түрлi ойын-сауық шаралары және бiрiншi кезекте тұтынылатын азық-түлiк тауарларының жәрмеңкесi халыққа қызмет етедi. Әрине Ұлыстың ұлы күнiнде «Наурыз көженiң» тiл үйiрер дәмiнен ешкiм кенде қалмайды.

21-наурыз

Таңғы сағат 06:30–07:30-да – «Көктөбе» биiгiнде таң шапағатын қарсы алу рәсiмi өтедi.

Сағат 11:00 – 16:00-ге дейiн «Астана» алаңында қала Әкiмi Ахметжан Есiмовтiң қатысуымен салтанатты мерекелiк шараның ресми бөлiмi өтедi.

Бағдарламада: театрландырылған шоу, қала Әкiмiнiң құттықтауы, Қазақстан өнер шеберлерiнiң қатысуымен мерекелiк концерт және «Қазақ ауылы» көрiнiсi, сонымен қатар, түрлi спорттық ойындар ұйымдастырылады. Келушiлерге Наурыз көже мен тiл үйiретiн палау тегiн ұсынылады.

Кешкi 19:30 – 22:00-де – Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертi.

Сағат 22:00-де мерекелiк отшашу.

«Алтын адам» артефактысының тұсаукесерi

Сағат 12:00-де «Достық» үйiнде «Алтын адам» артефактысының тұсаукесер iс-шарасы өтедi. Тұсаукесерге Алматы қаласының Әкiмi Ахметжан Есiмов, Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед және Республикалық этномәдени орталықтарының төрағалары қатысады.

22-наурыз

Сағат 11:00-ден 13:00 аралығында «Астана» алаңында қалалық этномәдени өкiлдерi «Бiз Қазақстанның халықтары» тақырыбында мерекелiк iс-шара ұйымдастырады.

Кешкi 19:00-ден 20:30-ге дейiн – эстрада жұлдыздарының қатысуымен жастар дискотекасы.

Сағат 20:30-дан 22:00-ге дейiн – Ресей әншiсi Сергей Лазаревтiң концертi.

23-наурыз

Сағат 11:00-ден «Астана» алаңында Алмалы ауданы әкiмдiгiнiң ұйымдастырумен концерттiк бағдарлама.

Қала Әкiмiнiң Баспасөз қызметi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *