Наурызбай ауданында 6 жаңа бағыт ұйымдастырылды

Наурызбай ауданында 6 жаңа бағыт ұйымдастырылды
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Көліктік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылы  жалпы саны 68 бірлікті құрайтын 6 жаңа маршрут ұйымдастырылды (№ 49, 136, 230, 236, 244, 247), 9 маршруттағы құрам 147 ден 178 бірлікке дейін жаңартылды (№ 4, 15, 47, 53, 95 112, 119, 128, 212) және 3 маршрут 16 бірлікке күшейтілді (№ 14, 27, 55) және 9 жаңа аялдама кешені орнатылды. Осы мақсатта 246 жаңа автобус сатып алынды (12 МБ есебінен, 234 жеке тасымалдаушы).

Осы жылдың наурыз айының соңына дейін 4 маршруттағы (№16, 50, 118, 126) аралықтарды қысқарту және жайлылықты арттыру үшін барлық жылжымалы құрамды қосымша 27 бірлікке 67-ден 94 автобусқа ұлғайта отырып, жергілікті бюджет есебінен сатып алынған жаңа автобустарға ауыстыру жоспарлануда.