Надежда Дубовицкая жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Надежда Дубовицкая жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Cурет: Olympic.kz

Тарихи медаль

Белградта жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтуде.  Қазақстандық Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Надежда Дубовицкая жарыс қорытындысы бойынша 1 метр 98 см нәтиже көрсетті. Осылайша ол биіктікке секіру бойынша әлем чемпионатының қола жүлдесіне иелік етті.

Бірінші орынды Ярослав Магучий (Украина) жеңіп алды.  Екінші орынға австралиялық Элеонора Паттерсон жайғасты.