Мәжіліс судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыратын заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыратын заң жобасын мақұлдады
Inform.kz

ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаттары «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжатты әріптестеріне Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ таныстырып, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов қосымша баяндама жасады.

Депутаттар аталмыш заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап дауыс берді. Айта кетейік, аталмыш заң жобасының басты мақсаты – сот жүйесін одан әрі дамыту.

«Заңнамалық өзгерістер судьялардың кәсібилігін, сондай-ақ жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруды көздейді. Бұл мақсатқа жету жолында басты 3 бағытқа назар аударылды. Ол, ең алдымен, сот жүйесін қаржыландыруға байланысты. Соттардың қаржылық дербестігі – сот билігі тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан халықаралық тәжірибе бойынша сот жүйесі бюджетінің мөлшерін пайызбен белгілеу ұсынылады», - деді Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ.