Мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш 10 шілдеге дейін қабылданады

Мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш 10 шілдеге дейін қабылданады
Сурет: Stan.kz

Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш қабылдау басталғанын мәлімдеді.

Өтініш 6-10 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ескерту: бос орындар қалмаған жағдайда өтініш қабылдау мерзімінен бұрын аяқталады.

Ал педагогтың білімін бағалау емтиханы 10-19 шілдеге жоспарланған.

Білім бағалау сынағына келесі топтар қатыса алады:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (күндізгі бакалавриат, қысқартылған бакалавриат, магистратура);

педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);

педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.